• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2014

Мәжілістің бюросы өтті

258 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыповтың төраға­лығымен палатаның бюросы өтті. Онда депутаттардың ал­дағы жалпы отырысында қаралатын мәселелер нақ­ты­ланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың талқылауына «Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы бірінші оқылымға шығарылатын болды. Ал Қылмыстық іс жүргізу ко­дексінің жобасы ілеспесімен  екін­ші оқылымда қаралады. Салалық комитет Қылмыстық іс жүргізу кодексін даярлаудың бас­ты мақсаты – қылмыстық сот өнді­рісін одан әрі жетілдіру және аза­мат­тардың конституциялық құ­қық­тары мен еркіндігін тиімді қор­ғау болып табылатынын атап өтті. Кодекс жобасының концептуалды ережелерін Мәжіліс осы жылдың 5 ақпанында бірінші оқы­лымда мақұлдаған болатын. Де­путаттар негізінен соттардың тергеуі мен қорғаушылардың өкі­леттігін кеңейту, сот өндірісі ісінде ұтымды сөз жарыстары мен тараптар теңдігі сонымен қатар, кейбір жобаның жеке баптарын жетілдіру бойынша түзетулер енгізді. «Егемен-ақпарат».