• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2022

«Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолында асфальт төсеу жұмыстары басталды

608 рет
көрсетілді

Жол құрылысы маусымы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар жолдарды салып, қайта жаңғырту жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін «Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолы жобасы аясында 11-100 км (ұзындығы 89 шақырым) асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жолдың бұл бөлігі 2 учаскеге (11-52 км және 52-100 км) бөлінген.

Осылайша, биылғы 2022 жылы аталмыш учаскеде екі жолақта қозғалыс ашу жоспарланып отыр.

Жол III санаттан I санатқа ауыстырылып, 4 жолаққа дейін кеңейтіледі.