• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2022

Қаңтар оқиғасы: 281 күдікті қамауда отыр

312 рет
көрсетілді

ҚР Бас прокуратурасы 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы бойныша күдікті деп танылған 721 адамның 281-і қамауда отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғаласы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде 281 адам қамауда отыр. Алматы қаласында 82, Шығыс Қазақстан облысында 35, Жамбыл облысында 44, Шымкент қаласында 43, Қызылорда облысында 36, Атырау облысында 14, Алматы облысында 5, Ақтөбе облысында 4 адам қамалған», деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол Шығыс Қазақстан облысында экстремистік топ мүшесі Семейдегі тәртіпсіздікке қатысқанын айтты.

«Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қирату, мүлікті жою және Семей қаласы әкімдігін басып алу әрекеттеріне қатысушыны анықтады. 5 қаңтарда аталған қылмыскер Семей қаласы әкімдігінің ғимаратының алдында бір топ адаммен бірге «Газель» маркалы полиция автокөлігін аударып тастаған. Өзінің әрекетімен ол басқа адамдарды баурап алып, әкімдікті басып алуға шақырған. Осы өңірде бұрын сотты болған экстремистік ұйымның мүшесі, қаңтар оқиғасының басқа қатысушысы анықталды. Ол дауыс күшейткіш көмегімен Семей тұрғындарын қосылуға шақырған және қала әкімдігін басып алуды ұйымдастырушылардың бірі болған. Оның әрекеттері видеода жазылған және тәртіпсіздіктердің басқа да қатысушылардың жауаптарымен расталады», деді Елдос Қилымжанов.