• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2022

Шымкентте заңсыз балық аулаған 13 адам жауапқа тартылды

168 рет
көрсетілді

Шымкентте заңсыз балық аулаған 13 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері қала аумағындағы су айдындарында уылдырық шашу мезгілінде балықтарды қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Рейдтік шара барысында 15 азамат тазалықты саақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылып, 13 тұлғаға заңсыз балық аулау бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен (Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) хаттама толтырылды.

Сондай-ақ балық аулаудың ережесін бұзғандарға 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 199 095 теңгесі осы күнге дейін өндірілген.

Мәселен, 30 сәуірде Бадам су қоймасында заңсыз балық аулап отырған екі тұрғын анықталған. Азаматтар қармақты пайдалана отырып, көксерке балығын аулаған жерінен ұсталды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балық уылдырық шашатын мезгілде тыйым салынатыны ескертілді. Тұрғындарға тиісті бап бойынша әкімшілік шара көрілді.

«Балық уылдырық шашар мезгілінде жыл сайын осындай іс-шара ұйымдастырылып, заңсыз балық аулайтын азаматтарға тосқауыл қойылады. Бұл тұрғыдан біздер өзен, көл маңдарына күн сайын рейдтік жұмыстар жүргіземіз. Кейде балық аулаған жайттарды байқаған жанашыр жергілікті тұрғындар 102 арнасы арқылы бізге хабарлап жатады. Біз бірден аталған мекенжайға жедел жетіп, заң бұзушыларды құрықтаймыз. Табиғатқа жанашырлық танытып, қамқорлық көрсету – бұл біздің азаматтық парызымыз», деді Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Ұлықбек Сабаев.

Аяна Тоғанбек