• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2014

Отау

344 рет
көрсетілді

Ақтауда 200 пәтерлік жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бес қабатты үйлердің тұрғындары –  жас­тар, яғни жас отбасылар.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында жас отбасыларға арнап салынған тұрғын үйдің бірі – 100 пәтерлі үй иелеріне жыл басында тапсырылған болатын. Бұл жолы 40 пәтерлік 5 үй қожайындарын қарсы алды. Өңірде қазір тұрғын үй салу ісі қарқынды күйде. Өт­кен жылы Маңғыстау облысында 532 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріл­ген. Сондай-ақ, мерзімінде лайықты пайдаланылмаған 24 гектар жер телімі мемлекет мен­шігіне қайтарылған соң, осы жерден жаңа шағын аудан­ның жоспары жасақталып, инфрақұрылымдарының жобалары сызылған. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясындағы үйлер бой көтереді деп жоспарланған жаңа шағын ауданда жыл басында 40 пә­терлі және 60 пәтерлі тұрғын үйлердің іргетасы қаланған болатын. Талай отбасыны үйлі қылуға талаптанған бағдарлама шеңберінде Ақтау қаласында өзге де жаңа тұрғын үйлер құ­рылыстары жүрмек. Салтанатты сәтке қатысқан аймақ басшысы А.Айдарбаев жас отбасыларды қуанышымен құттықтап, Мемлекет басшы­сының тапсырмасын жүзеге асыру бағытындағы игілікті істің жалғасын табатындығын айтты. Тәуелсіз еліміздің жастары баспаналы болды. Отау көтеріп, өз алдына шаңырақ тікті десек жарасады. Алайда, замандастарына қызыға көз салып, алыстан жабырқай қарап тұрған жан қаншама әлі?! Бәрі үйлі болса екен... Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АҚТАУ.