• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2022

Жаңа Ата Заңсыз Жаңа Қазақстан құрылмайды

647 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы бастамасы Ата Заңымызда жазылған басты қағидаға негізделген.

Қазіргі Конституциямызда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп, нақты әрі түсінікті жазылған. Осы қағидаға сүйенетін болсақ, Ата Заңымызға енгізілетін кез келген өзгерісті жалпыхалықтық референдум арқылы халықпен кеңесе отырып қабылдау керек. Сондықтан мен Прези­денті­міздің бұл бастамасын толық қолдаймын.

Бұл ұсыныс ел Президенті жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасын іске асырудың лайықты жалғасы. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді жаңар­ту және Жаңа Қазақстан құру бағытындағы өзі белгілеген бас­­тамаларды жүйелі түрде жалғас­тырып отыр.

Ашығын айтқанда, біз ха­лықпен кеңесіп, пікірлесу жағын сәл естен шығарып алдық. Елі­мізде ширек ғасырдан астам уа­қыт бойы бірде-бір референдум бол­ған жоқ. Дәл қазір халықтың қол­дауы Қасым-Жомарт Кемел­ұлына өзі бастаған саяси, эконо­мика­лық және әлеуметтік реформаларды іске асыру жолында батыл қадамдар жасауға жол ашады. Конституцияны жаңартпай әді­летті, Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес. Алдағы референдумда ха­лық өзінің салмақты сөзін, са­ли­қалы пікірін білдіреді деп сене­мін. Ол үшін тек халықтың үніне құлақ түру қажет.

 

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД,

Сенат депутаты