Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сауалға «Жаңа Қазақстан – шын мәнінде, әділ Қазақстан!», деп нақты да нық жауап берді.
Дәл осындай қоғамды құру үшін оның барлық реформасы, ең алдымен, биліктің автократиясына, қоғамның бөлінуіне алып келген, әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздікті тудырған және экономиканың тұрақты дамуына кедергі болған бұрынғы саяси жүйені өзгертуге бағытталған.
Алайда мұндай түбегейлі реформаларды іске асыру үшін тек жоғарыдан енгізілетін өзгерістер – суперпрезиденттіктен арылу, Парламентті күшейту, атқарушы билікті демократияландыру ғана емес, ең бастысы, Президент атап өткен, азаматтық қоғамды дамыту, азаматтар арасында мемлекетті басқаруға қатысу белсенділігін арттыру маңызды. Өйткені халықтың саналы қолдауынсыз қоғамда демократиялық өзгерістердің болуы мүмкін емес!
Бірақ мәселе көп жыл бойы автократиялық жүйенің картельдік партияларды мемлекеттік ресурстар есебінен жүзеге асырылып келгендіктен, халықтың билікке, әділ сайлауға және қарапайым адамдардың қандай да бір нәрсеге әсер ете алу мүмкіндігіне деген сенімінің аздығында болып отыр. Тіпті елдің басты заңы – Конституцияға енгізілген өзгерістер көп жыл бойы қоғамда кең талқылаусыз қабылданды.
Президенттің ел Конституциясына түзетулер қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі ұсынысы елдегі саяси өзгерістерді халықтың өзімен шешу қажеттілігімен ғана байланысты емес. Бұл ұсыныс Жаңа Қазақстанда бұдан былай оның болашағын билік емес, азаматтардың өздері анықтайтынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы уақыттың өзгергенін, адал сайлау мен саяси бәсекелестік кезеңі басталғанын айқын көрсетіп отыр. Сондықтан біз өзіміз өзгеруге, билікке деген бұрынғы сенімсіздіктерден, барлығын бос сынаудан алыстауға тиіспіз. Сайлау және қоғамдық даму институттарына қатысу арқылы мемлекетті басқаруға қатысуымыз керек, яғни өз елінің нағыз азаматы болуымыз шарт.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ,
Сенат депутаты