• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2014

Шекара бұзғандар ұсталды

310 рет
көрсетілді

Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» заставасының шекарашылары мем­лекеттік шекара  қоршауларын бұзып, қырғыз жерінен елімізге қарай заңсыз өткен оннан астам жүк көліктерінің іздерін анықтады. Алдын ала болжамға қарағанда, шекара түбіндегі қазыл­ған орларды заң бұзушылар әлдебір техниканың көмегімен (бульдозерге ұқсайды) тегістеп өткенге ұқсайды. Оқиға болған жерге келген жедел топ Мерке ауылы­на кіре берісте («Анипа» ЖК уа­қытша сақтау қоймасы) ха­лық тұтынатын тауарларды заңсыз алып өткен 14 «КамАЗ» көлігіне мінген Қыр­ғыз Рес­публикасының 12 азаматын ұстады. Олар қылмыстық жазаға тар­тылатын болады, деп хабар­лады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар