• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2014

Білім мен тәжірибе ғылыммен ұштастыра жүргізіледі

293 рет
көрсетілді

Әр өміршең істің ғылыми негізі, жүлге жүйесі болу керектігін қазір өмір көрсетіп отыр. Осындай оң қадамға жеткізер жұмысты алдыңғы толқынның іс-тәжірибесін зерделей отырып, қатарға жастарды тарту, оларды да ғылымға балапандай баулу мәселесі қозғалған халық­­­­аралық конференция Қазақстан Республикасы Президен­­­­тінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйытқы болуымен «Интеллектуалды көшбасшылық: дамудың жаңа бағдары» деген тақырыпта өтті. Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибені ұштастыру тәсілдерін саралаған алқалы жиын жас ғалымдарға, сонымен қатар, бұл басқосу ғылым саласы қызметкерлерінің күніне және Қазақстан­ның сыртқы саяси ведомствосы құрылуының 70 жылды­ғына да арналып отырғанын айта кетсек дейміз. Конференцияны Президент жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясының ректоры Б.Әбдірәсілов ашып, «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Еуропалық одақ жобасының Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб хат­шылығының қолдауымен ұйым­дастырылғанын атап өтіп, конференция екі блок бойынша жұ­мыс істейтін,оның бірінші – жиын қарсаңында G-Global ком­муникативтік алаңы аясын­­­дағы дөңгелек үстелдер Дьюк университеті (АҚШ), Орталық Флорида университеті (АҚШ), Қырғыз зерттеу-білім беру желісі, Ла-Плата Ұлттық университеті (Аргентина), Біріктірілген әскер­лер институты (Үндістан), Кау­нас технологиялық универ­сите­ті, Саяси зерттеулер инсти­туты (Пәкістан) және т.б. секіл­ді шет­елдік әріптес жоғары оқу орын­­дарымен бірлесіп өткізіле­тінін, екінші – панельдік сессия­ларды кезінде конференция қатысу­шы­лары ғылыми жобалар шеңбе­рін­дегі зерттеу нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік алатынын атап айтты. Ал конференцияның ресми ашылуына қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Байменов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында адам әлеуетіне басымдық бергенін, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөнінде нақты бағыт-бағдар көрсеткенін, ғылымға жасалып жатқан қамқорлықты тарата айтып, ғылыми әдістемелікті жасау, оны тәжірибемен ұштастыру, бұл жұмысқа жастарды тарта отырып, олардың белсенділігін арттыру жайын қозғады. Қызмет академия­сында ғылыми зертханалардың жұмысын жетілдіруді сөз еткен төраға басқару орталықтарын заман талабына сай құруды ұсынды. Мұндай конференция жас ғалым­дардың шығармашылық белсен­ділігін дамытуға және елдің зияткерлік капиталын қалып­тастыруға мүмкіндік беретінін, ең бастысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы бағдарды тиянақты орындау басты міндет екенін жеткізді. «Қазақстан Үкіметі мемле­кеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Еуропалық одақ жобасының жетекшісі Дж. Мирогияннис өзінің үш жыл­дан бері біздің елде жұмыс істеп жатқанын айтып, білім мен ғылымды ұштастыру жайын назарға салды. Әр азамат бұл істе өзінің тиянақты болуы жұмысқа оң нәтиже беретінін еске салды. Алдағы кезекте жас ғалымдар арасында конкурстар өткізілетіндігін, олардың сол ізденістерінің нәтижесіне қарай бағаланатынын да атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы А. Евниев академияда дайындалған кадрларды басқару ісіне ұтымды пайдалану жайында әңгіме өрбіте келіп, бұл игілікті істі жүзеге асыру туралы агенттік төрағасымен, академия ректорымен жүйелі әңгіме қозғалғанына дәйектер келтірді. Халықаралық деңгейде ұйым­дастырылған іс-шара барысында мемлекеттік басқару мәселелері, басқарушылық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі және көш­басшылығы, экономиканы дамыту басымдықтары мен Қазақ­станның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы, сондай-ақ құқық, заңдылық мәселелері талқыланды. Конференция қорытындысы бойынша әзірлен­ген ұсынымдар Қазақ­станның мемлекеттік органдары мен жоғары оқу орындарының прак­тикалық қызметінде пайдалану жайы қарастырылды. Алдыңғы толқын мен жастардың басын қосқан халықаралық конференция қатысушыларының үздік ғылыми-зерттеу жобалары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Түйіндей айтсақ, басқару ісінде де білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу уақыт талабынан туындап отырғаны анық. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан».