• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2022

Үмітті ақтаған үш жыл

245 рет
көрсетілді

«Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК Қарағанды облыстық филиалының соңғы үш жылда атқарған жұмыстары ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Өңірдегі тарам-тарам жолдардың сапасын тікелей қадағалайтын бұл кәсіпорынның мойнына алған жауапкершілігі де аса зор.

Мысалы, осы уақыт аралы­ғында кәсіпорын атынан жалпы құны 1 083 240 425,48 теңге болатын келісімшарттар жасалыпты. Оның ішінде жергілікті атқару органдарымен 407 949 852,97 теңгенің, республикалық бюджетпен 353 753 548,51 теңгенің және диагностика бойынша

136 537 624 теңгенің келісіміне  қол қойыл­ғанын атап айтуға болады.

Қарағанды облысы бойынша үш жылдың ішінде 398 нысанға 2 232 рет тексеріспен шығу орын алыпты. Яғни, жол құрылыс материалдарынан 5 мың сынама алынған. Оның ішінде

1 255 сынаманың талапқа сәйкес келмегенін айта кеткен жөн болады.

«Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Айбол Бидайбеков өңір бойынша 1 947 шақырымға созылған автомобиль жолдарына диагностика және пас­порттау жүргізілгенін айтады. Атап айтқанда, оның 1 876 ша­қырымы – республикалық, ал 71 мың шақырымы облыстық же­лілер бойынша жасалған. Бұл –  біле білген адамға өте ауқымды және күрделі жұмыс.

Аталған кәсіпорын жол сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін заманауи құрал-жабдыққа баса мән береді. Мысалы, үш жылдың ішінде жол белгілеріне пайдаланатын пленкалардың жарықты қайтару көрсеткішін анықтайтын RetroSign GRX ретрорефлектометры, жолдағы белгі-жолақтарды тексеретін LTL-XL ретрофлектрометры, нор­мативтік көр­сеткіштерді бақы­­лайтын құ­рыл­ғылар, асфальт­бетон жабынын тексеруге арналған жаңа жаб­дықтар сатып алынған.

Бұл құрал-жабдықтар мен аппараттардың өте қымбат тұра­тынын айта кеткен жөн. Бірақ «Жол активтерінің Ұлт­тық сапа орталығы» мекемесі жолдың сапасы туралы әңгіме болған жерде, қаражаттан тарылған емес. Мұның өзі заманауи құ­рыл­­ғылардың көмегімен күре жол­дардың сапасы мен ондағы қауіпсіздікті арттыру ісіне игі ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Қазіргі таңда бұл саладағы жұмыстың сапасын арттыру ба­ғы­тында кәсіби мамандарға деген сұраныс өсіп отыр. Жалпы, жол құрылысына жастар тарапынан қызығушылықтың артып келе жатқаны қуантады. Осы орайда «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК Қарағанды облыстық филиалы кадр тәрбиелеу ісіне де баса мән береді. Филиал басшысы Айбол Бидайбековтің айтуынша, үш жыл ішінде 8 студент өндірістік тәжірибеден өткен екен.

Бұдан бөлек, мекеме үнемі кәсіптік бағдар беріп, «1000 мектеп» бағдарламасы аясында жол саласына жас мамандарды тартумен айналысып келеді. Қарағанды облысы бойын­ша орта мектептермен жан-жақ­ты жұмыс жүргізіліп, соңғы үш жылда 92 білім ошағымен әріп­тестік қарым-қатынас орна­тылған.

Сонымен қатар «Жол актив­терінің Ұлттық сапа орталығы» филиалының күшімен «1000 мектеп» бағдарламасы бойынша үш жылдың ішінде 200-ге тарта мектепте кәсіби бағыт-бағдар беру үшін 9, 10, 11-сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылыпты. Мұның бәрі жастарды жол құрылысы мамандығына оқыту, одан кейін жұмысқа тарту сынды маңызды мақсатты алға қойған.