• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2022

Жеңілдетілген автокредит келесі аптада басталады

1723 рет
көрсетілді

Қазақстандықтарға 4%-пен автокөлік сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама келесі аптада басталады. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, қазір утилизациялық алым бойынша оператор «Жасыл даму» АҚ-дан жеңілдетілген автокредитке қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жасыл даму» шотынан ақша аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, ақша жіберіледі. Осы аптаның соңына дейін, мамырдың алтысына дейін бітіреміз», деді Брекешев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев тиісті қаражат осы апта түссе, келесі жұмада бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді.

«Аптаның аяғына дейін ақша түссе, келесі аптадан бастап бұл жұмыс басталады», деді Қ. Өскенбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автокредит бағдарламасының шарттарын бекітті. Енді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын «Жасыл даму» АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға ақша бөлінуге тиіс.

Бағдарламаның негізгі шарттары: кредит сомасы – 10 миллион теңге; жылдық сыйықасы 4 процент; мерзімі – 7 жыл. Көлік бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады.

Соңғы жаңалықтар