• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Үкімет 04 Мамыр, 2022

Әлихан Смайылов апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл жөндеуді тапсырды

186 рет
көрсетілді

Биыл халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда - 94,7, ал қалаларда - 98,5 пайызға жеткізу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл соңына дейін халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда - 94,7, ал қалаларда - 98,5 пайызға жеткізу қажет. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне сумен жабдықтаудың кешенді жоспарын тез арада қайта нақтылауды және апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөндеуді тапсырамын. Ауызсу мәселесі тұрғындар үшін өте өзекті», дей келе Премьер-Министр әрбір шешім уақытылы қабылданып, нәтижелі болуы керектігін баса айтты.

«Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік саясатты іске асыру барысында Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 2023 жылы іздестіру-барлау жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды аяқтауы қажет. Мұның барлығы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындауға мүмкіндік береді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар