• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Мамыр, 2022

Әйгілі футболшының жейдесі рекордтық бағаға сатылды

198 рет
көрсетілді

Әйгілі футболшы Диего Марадонаның жейдесі рекордтық бағаға, яғни, 9 млн АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Футбол тарихында ерекше із қалдырған әйгілі ойыншы бұл жейдемен 1986 жылы әлем чемпионатында Англия құрамасының қақпасына қолмен доп кіргізіп, кейін бұл гол «Құдайдың қолы» деп аталып кеткен. Осылайша футболшы өз командасын алға шығарған. Марадонаға дейін жейде Англия құрама командасының жартылай қорғаушысы Стив Ходжке тиесілі болды. Ал, оның жаңа иесі аты-жөнін жарияламауды жөн көрді.