• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Мамыр, 2022

Қате төленген мемлекеттік бажды қалай қайтарып алуға болады

417 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік бажды бюджеттен қай жағдайда және қалай қайтаруға болатыны туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық төлеушілер мемлекеттік бажды қате төлесе немесе заңдық мәні бар әрекеттен бас тартса ақшаны қайтара алады.

Мемлекеттік бажды қайтару тиісті құжаттармен реттеледі. Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған өтініші және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың заңдылығын растайтын құжаты негізінде жүргізеді.

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банктік шотына аударылады.