• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 06 Мамыр, 2022

Майданда ерлікпен қаза тапқан үш қазақстандыққа «Халық қаһарманы» атағы берілді

443 рет
көрсетілді

Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен бірқатар тұлғалар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали

     Насырханұлы

     (марқұм) 

 – 

 

 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

 

Несмиянов Александр

     Александрович

     (марқұм) 

 

 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

 

Сүлейменов Ыбырайым

     (марқұм) 

 –

  100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы. 

 

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

 Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

                 № 889