• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Мамыр, 2022

Алматыда 8 сынып оқушысы суицид жасады

650 рет
көрсетілді

Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.

«2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексеріліп жатыр», деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомство өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.