• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Мамыр, 2022

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында екі көше уақытша жабылады

185 рет
көрсетілді

Қабанбай батыр даңғылы мен Бөкейхан көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылады, деп хабарлады Egemen.kz Нұр-сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен келісілген.

«7-9 мамыр аралығында Бөкейхан көшесі мен 8-9 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында, сондай-ақ Jusan Bank ауданындағы Бөкейхан мен Сығанақ көшелерінің арасында қозғалыс толығымен жабылады», деп хабарлады басқарма.

Кептелісте тұрмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.