• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Мамыр, 2021

Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық споршылар екі медальға қол жеткізді

185 рет
көрсетілді

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортышлар күміс және қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіл атлетикадан ел намысын қорғаған қазақстандық Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан үшін жеңіл атлетикадан алғашқы медаль.

Ерлер арасында таеквондодан өткен сында қазақстандық Виктор Фрундин +80 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында таеквондошы Аида Мақатова 67 кг салмақта сынға түсіп, үздік бестіктен көрінді.

Жазғы Сурдлимпиада ойындары Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтуде. Оған әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.

Аяна Тоғанбек