• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 11 Мамыр, 2022

Президент Түркияның ірі компания басшыларымен кездесті

347 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Олардың арасында «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым, «TAV Havalimanları Holding» басқарма мүшесі Сани Шенер, «Goknur Gida» басқарма төрағасы Осман Асланали, «Sembol» компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және «Koç Holding» компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.

Кездесулерде түрік бизнесмендерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды.

Мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.