• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Мамыр, 2022

Украинаның тұңғыш президенті қайтыс болды

354 рет
көрсетілді

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук кеше 89 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.

Саясаткер ұзақ уақытқа созылған аурудан қайтыс болды.Еске сала кетейік, Леонид Кравчук 1991-1994 жылдары Украинаның президенті болды. Осы кезде Ресей президенті Борис Ельцин және Беларусь басшысы Стансилав Шушкевичпен бірге Кеңестер Одағының таралуына әкелген Беловеж келісіміне қол қойған. Кейін Жоғарғы Раданың депутаты болды. Осымен қатар Донбастағы жағдайды реттеу бойынша байланыс тобының төрағасы қызметін атқарды.

Аяна Тоғанбек