• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 11 Мамыр, 2022

Пара беруге ұсыныс тастағандар жауапкершілікке тартылады

506 рет
көрсетілді

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының концепциясы шеңберінде заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Пара беру туралы уәде немесе ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту, ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу, халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында ӘҚБтК-ге түзетулер енгізу жоспарланған.

«Көрсетілген консультативтік құжаттар 13 мамырда жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылады. Консультативтік құжаттарды талқылау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды және осы жылдың 2 маусымына дейін жалғасады», деп хабарлады Антикор.