• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2022

Өскеменде жол апатынан бір адам қайтыс болды

557 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Өскемендегі Сәтпаев даңғылында орын алған.

«ВАЗ-2106» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысты. «ВАЗ-2106» көлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, «Toyota» көлігіне соғылды. 55 жастағы «ВАЗ-2106» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.