• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Мамыр, 2022

Мемлекеттік сатып алуда бағаны қолдан өсіру фактісі анықталды

600 рет
көрсетілді

Мемлекеттік сатып алу саласына қоғамдық бақылау жүргізу барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Соған сәйкес 40 хаттама толтырылып, 12 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Ел намысы» арнайы мониторингілік тобының мүшесі Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің қоғамдық ұйым жұмысын бастағалы елімізде 13,5 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 500-ден астам кездесу өтті. Оның ішінде 615 азаматтың мәселесі жеке қаралды. Әр азаматтың өтінішіне тиісті кеңес беріліп, құзырлы органдарға хат жолданды. Кейбір жайттар сол жерде шешімін тауып жатты. Қазір қолымызда бар мәліметке сәйкес, шенеуніктерге қатысты 145 әкімшілік жауапқа тарту хаттамасы толтырылды. Салынған жалпы айыппұл көлемі 40 млн теңгеден асады. Заңбұзушылыққа келсек, жауапқа тартылған шенеуніктер немесе мемлекеттік қызметкерлердің жартысы негізгі жұмысынан бөлек, кәсіпкерлікпен айналысқан», деп түсіндірді Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік сатып алу саласында да заңбұзушылықтар анықталды.

«Жоғарыда аталған 145 хаттаманың 40-ы - мемлекеттік сатып алу саласына қатысты. Нәтижесінде 16 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бағасын қолдан өсіру жайты анықталып, 12 қылмыстық іс қозғалды. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы спорт мектебі директорының орынбасары негізгі жұмысынан бөлек жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алумен айналысқан. Сөйтіп, басқа спорттық мектептерге қызметін ұсынып келген. Нәтижесінде айыптының заңсыз табысы тәркіленіп, оған 428 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қоса аталған азамат мемлекеттік сатып алумен қатар, жеткізуші рөлін де атқарған», деді ол.