• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2022

Ардагерлер велошеруі

339 рет
көрсетілді

Сексен жастың ауылына қадам басса да таяқ ұстамай, велосипедке секіріп мінетін қарияларға қайран қаласың. Жуықта Аққулы ауданының бір топ ардагері немерелерімен бірге велошеру ұйымдастырды.

Ауданның Құрметті азаматы 75 жас­тағы Өмірзақ Исағұловтың бастамасымен өткен спорттық шараның мақсаты айқын. Қазыналы қарттар саламатты өмір салтын насихаттап, жастарға патриоттық рух сый­лауға ұмтылды. Әйтпесе, әуре болмай, жа­нын күтіп үйде тыныш жатуға да болатын еді. Ұрпағының кемел келешегіне алаңдайтын қариялардың әрекеті осындай болса керек.

Велошеруде 85 жастағы Түлкібай Колумбаев, 84 жастағы Сайлаш Жұпбаева, 80 жастағы Әскен Дүйсекеев, 70 жастағы Құрмаш Қобайдаров, 65 жастағы Сейт­жан Батталов та белсенділік танытты. Ардагерлерді қолдап, көпбалалы ана Зари­на Мукина да қатардан табылды. Олар Жаңатаң ауылынан аудан орталығына дейін велосипедпен жүріп өтті.

Аудан әкімі Абзал Балғабаев жастарға өр рух беріп, саламатты өмір салтын нәси­хаттауға атсалысқан ардагерлерге алғысын білдірді.

 

Павлодар облысы,

Аққулы ауданы