Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Ақ тілеуі атаның, орны бөлек батаның» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста қариялар төгілдіріп бата берді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Түрікпен Мұсабаев пен Ағжап Өтемұратовтардың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда ас қайыру батасынан бастап Наурызға, жас жұбайларға, сапарға шыққан жолаушыға берілетін баталарды жұртшылық ықыласпен тыңдады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ұлттық салт-дәстүрді ұлықтауға арналған бұл бастаманың жастарға берер өнегесі мен тәлімдік мәні өте жоғары екендігіне тоқталды.
Байқауда қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев, байқаудың ұйымдастырушысы Нәжмадин Мұсабаев сөз сөйлеп, іс-шараның елді ізгілікке, бірлікке шақырудағы маңызын айтып өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Сырдария ауданынан келген Әлімхан Баһадүров жеңіп алды.
Қызылорда