• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2022

Азық-түлік бағасы тұрақталды - Ғалымжан Пірматов

1789 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов инфляцияның жыл аяғына дейін жоғары деңгейде сақталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстандағы инфляция біздің болжамымыз бойынша, наурыздағы 12%-дан сәуірде барлық компоненттер бойынша баға жылдам өскендіктен 13,2%-ға дейін қарқын алды. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне қант, қырыққабат, күнбағыс майы ең көп үлес қосып келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта сайынғы өсуі тұрақталды. Алайда, наурызда жекелеген азық-түлік тауарларға сұраныс артқандықтан бағаның жылдық өсімі жоғары деңгейде сақталып отыр», деді Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысы барысында.

Оның айтуынша, сыртқы инфляциялық фон сәуірде 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасын өсіруде.

«Ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3%-дан 8,9%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты болды.Тәуекелдерді ескере отырып, инфляция жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталады», деді Ұлттық банк төрағасы.