• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2022

Елімізде жекешелендірілуі тиіс 227 нысан сатылған

146 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру кешенді жоспары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды сату көзделген. Биылғы 4 айда жалпы саны 670 нысаннан сомасы 61 млрд теңгеге 227 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», деді министр.

Оның айтуынша, қазір 40 нысан сатылуға қойылған, 36 нысан қайта ұйымдастырылып, таратылған.

162 нысан сату алдындағы дайындықта тұрса, 205 нысан бойынша талдау жүргізіліп жатыр.

Аяна Тоғанбек