• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Мамыр, 2022

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

259 рет
көрсетілді

Синоптиктер еліміздің алты облысында күн күркіреп, қатты жел соғады деп болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 мамыр күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде күн күркіреп, дауыл болады. Солтүстік-батыс бағыттан күндіз солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел еседі.

Түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 13 мамырда Оралда күн күркірейді.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, найзағай ойнайды. Атырау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында 23 м/с, Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа жетеді.