Ресейдің Хабаровск өлкесі Амур ауданы Тейсин кентіндегі әскери бөлімде жарылыс болды. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды, зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Оқ-дәрілерді түсіру кезінде жарылыс болып, салдарынан жеті адам зардап шекті, олар жеңіл дене жарақаттарын алған. Тағы бір адам көз жұмды», делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ жарылыстан кейін өрт шыққаны белгілі болды. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері зардап шеккен екі адамды күйік шалғанын хабарлады.
«Олар санавиациямен ауруханаға жеткізілді, олардың денесінің 65% және 40%-ын күйік шалды», деді денсаулық сақтау министрлігінен.
Тағы екі адамды жеңіл дәрежеде күйік шалған. Оларды медициналық мекемеге жеткізбей, оқиға орнында көмек көрсетілген.
Тейсин кенті Амурдағы Комсомольсктен оңтүстік-шығысқа қарай 82 шақырым қашықтықта орналасқан. Кентте осы атаумен аталатын теміржол станциясы мен әскери бөлім бар.