• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2022

ШҚО-да 300-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

276 рет
көрсетілді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында  300-ден астам адам өз еркімен Қазақстан азаматтығынан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі өңірде тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтауда.

Өңірде жыл басынан бері 300-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан өз еркімен шығарылған. Бұдан бөлек, қос азаматтықпен жүрген 30-дан астам адам жауапқа тартылды.

«Мәселен, 2016 жылдың қыркүйек айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған Глубокое ауданының 67 жастағы тұрғыны анықталды. Зейнеткер бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына да, шетелдегі мекемелерге де хабарламаған. Құқық бұзушы ҚР Қылмыстық кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (428 820 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Одан жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 30-ға жуық адамды алдап соққан алаяқ ұсталғанын хабарлаған едік.