• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Мамыр, 2022

Демалыс күндері 35 градусқа дейін ыстық болады

329 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдағы демалыс күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторымен және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуімен шартталады. Солайша шығыста, батыста және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бірақ, бұған қарамастан, температура бағамында айтарлықтай ауытқу күтілмейді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.