Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде экс Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлан Сарқұловқа «Бұрынғы Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс бар ма?» деген сұрақ қойылды.
«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», деп жауап берді Ұ. Сарқұлов.
Аяна Тоғанбек