Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы(KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,13 теңгеге төмендеп, 427,84 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 13 мамырдағы ресми бағамы 434,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 432,42 теңге, сату - 438,42 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,03 теңгеден сатып алынып, 435,42 теңгеден сатылып жатыр.