• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2022

Істі болған Павлодар облыстық полиция басшылығына қатысты тың дерек жарияланды

205 рет
көрсетілді

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов  Павлодар облыстық полиция департаментінің экс-басшысы мен оның орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік аса ірі мөлшерде пара алу бойынша бұл бағытта тергеу жүргізіп жатыр.

«Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары бюджеттік қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Сонымен қатар, сот санкциясымен ұсталған бірқатар кәсіпкерлер бар. Олар келісіп әрекет еткен. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Айта кету керек, бұл -  бақылаусыздық. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция департаментінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджіне үлкен зиян келтірілді», деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Министр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар байқалғандардың барлығын қатардан тазарту жүргізілетінін айтты.

«Біз оларды тазартамыз және басшыларды жауапкершілікке тарту қарастырылуда.  Себебі, бүгінгі таңда біздің қатарымызда адал қызметкерлер жұмыс істеуі керек. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады», деді Марат  Ахметжанов.

Айта кетсек, облыстық полиция департаментінің  экс бастығы Нұрлан Мәсімов биылғы жылдың қаңтар айында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жазған баянатына сәйкес, Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылған болатын. 

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастаған (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Кейін сәуір айында бұрынғы басшыға іздеу жарияланды.

Сондай-ақ көп  ұзамай   полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.