• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Мамыр, 2022

ШҚО-да сәуірден бері заңсыз балық аулаудың 195 фактісі анықталды

309 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда 16 сәуірден бастап «Уылдырық-2022» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндағы мақсат – балықты заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстарға тосқауыл қою.

«Шара басталғалы бері заңсыз балық аулаудың 195 фактісі анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Браконьерлерден 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралы тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 10 млн теңгеден асып отыр», деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтардан тыйым салынған аралықта балық ауламай, табиғатты қорғауға шықарды.

Науқан 30 мамырға дейін жалғасады.