• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Мамыр, 2022

2 өңірде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

156 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте 2 өңірде COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырды.

Нұр-Сұлтанда – 4 адамнан, Алматыда – 4 адамнан вирус анықталды.

Жалпы елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 644 жетті. 

Сонымен қатар Қазақстанда 149 адам коронавирустан айықты:Алматыда – 91, Шымкентда – 6, Маңғыстау облысында – 50,Солтүстік Қазақстан облысында – 2.

Елімізде барлығы 1 291 897 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

15 мамырдағы мәлімет бойынша 228 адам коронавирустан емделіп жатыр.