• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 15 Мамыр, 2022

ӘЧ: Алты боксшымыз ширек финалға өтті

365 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасының алты спортшысы бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

54 келіде шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан жарыстың 1/8 финалында канадалық Скарлетт Дельгадоны айқын басымдықпен жеңді.

Оның жартылай финалдағы қарсыласы сербияллық Елена Жекич болмақ.

Сондай-ақ, 52 келіде жұдырықтасқан Жайна Шекербекова кезекті кездесуінде жапониялық Ринки Киношитаны жеңіп, ширек финалистер қатарына қосылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының алты спортшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Олар:

Алуа Балқыбекова (48 кг)

Жайна Шекербекова (52 кг)

Дина Жоламан (54 кг)

Карина Ибрагимова (57 кг)

Валентина Хальзова (70 кг)

Гульсая Ержан (81 кг)