• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 16 Мамыр, 2022

«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

214 рет
көрсетілді

Футболдан ел чемпионы «Тобыл» (Қостанай) клубының бас бапкері, қазақстандық маман Александр Москаленко қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, тараптар екіжақты келісім бойынша келісім-шартты үзді. Аталған футбол клубы А. Москаленкоға алғысын айтып, алдағы мансабында сәттілік тіледі.

«Осы уақытқа дейін «Тобыл» сапында бірнеше белесті бағындырдық. Қиын да қуанышты кезеңдер бастан өтті. Айтулы жеңістер де, ауыр жеңілістер де болды. Осының бәрін бір команда болып бастан кешірдік. «Тобыл» – алдына биік мақсат қойған ұжым. Бірақ осы жылы біз ойлағандай болмады. Оның өзіндік себептері де бар. Алайда мұнымыз тек ақталу сияқты естілуі мүмкін. Сол себепті артық сөйлемейін. Командаға алдағы уақытта сәттілік, мақсаттарының орындалуын тілеймін. Әр футболшыға, әкімшілік және медициналық штабқа алғысымды білдіремін», деді Александр Москаленко.

Айта кетейік, А. Москаленко «Тобылды» өткен жылдың маусым айынан бері жаттықтырып келді. Өткен жылы қостанайлықтар 45 жастағы маманның басшылығымен ел чемпионы атанды. Сондай-ақ биыл суперкубокты да жеңіп алды. Алайда Қазақстан біріншілігінде соңғы жеті матчтың біреуінде ғана команда жеңіске жетті.

Өткен турда «Ақтөбеден» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қазір турнир кестесінде  қостанайлықтар 15 ұпаймен жетінші орында.