• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Мамыр, 2022

«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

439 рет
көрсетілді

Қазақстанда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған конкурс ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес елімізде жыл сайын өткізіледі.

Мақсаты - отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және кеңінен насихаттау.

Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық, қалалық кезең, екінші – облыстық кезең.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық, қалалық комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

Конкурсты ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыруда.