«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», делінген ведомство хабарламасында.
Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтыны анықталды.
Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.
«Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», деп қосты агенттіктен.