Мәскеуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Кремльге келді», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 15 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.