• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Мамыр, 2022

Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен

355 рет
көрсетілді

Елордалық білім басқармасы балабақшаның төрт тәрбиеленушісі құрылыс алаңына қашып кеткені үшін тәрбиеші мен меңгерушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік желілерде №73 «Аяулым» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК жанындағы құрылыс алаңында 4 бала ойнап жүргені бейнеленген видео тарады. Аталған факті бойынша білім басқармасы №73 «Аяулым» балабақшасына барып қызметтік тексеру жүргізді», деді қалалық білім басқармасынан.

Тексеру барысында балабақша меңгерушісі Х.Д. Тайбөкеновамен әңгіме жүргізіліп, түсіндірме жазба алынған.

Нәтижесінде, балалар серуен кезінде балабақшадан қашып кеткені анықталды.

«Қазіргі уақытта балалар бақшада, олардың жағдайы бірқалыпты. Балабақшаның медицина қызметкері тексеру жүргізді. Бүлдіршіндердің денесінен ешқандай жарақат табылған жоқ. Өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарау фактісі бойынша тәрбиеші мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Балабақша меңгерушісіне қатысты білім басқармасының тәртіптік комиссиясының отырысында қарау үшін материал дайындалды», делінген білім басқармасының хабарламасында.