Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің жаңа директорын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасын Біркенов 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастап, әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», сондай-ақ, «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеген.
2015 жылы «24.kz» телеарнасында қызмет еткен.
2015-2016 жылдары - «Хабар 24» телеарнасының Украина Республикасындағы, 2019-2021 жылдары - Өзбекстан Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі 2001 жылы құрылған.
Оның құрамында екі облыстық, жеті аудандық газет, 11 ақпараттық сайт пен баспахана бар.