• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Мамыр, 2022

«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді

920 рет
көрсетілді

Әлемдік Nickelodeon HD телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті  «Балаларға арналған мемлекеттік тілдегі контенті ұлғайту мақсатында танымал балалар арналарын мультипликациямен қазақ тіліне аудару» жобасының жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді. Соның аясында «Tiji» және  «Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған әлемдік танымал телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады.

Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдар енді қазақ тілінде балаларға жол тартады.

 

Соңғы жаңалықтар