30 сәуірде Эквадорда елдің үш провинциясында жарияланған төтенше жағдай кезінде 1131 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Гильермо Лассоның шешімінен кейін құқық қорғау органдары 30 сәуір мен 13 мамыр аралығында Эсмеральдас, Гуаяс және Манаби провинцияларында қылмыстық топтарға қарсы операция жүргізді. Соның нәтижесінде қарақшылар пайдаланған 143 қару, 60 көлік тәркіленді.
Билік қылмыспен күресті жалғастыруға бел буғандарын, операциялардың жалғасатынын мәлімдеді.