• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2022

Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан

459 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері облыстың 318 тұрғынын кене шақты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішімен салыстырғанда 2 есе артық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары өткен жылы кене шағу фактілерінің аз болуын карантинге байланысты табиғатқа шығу, серуендеуге қойылған шектеулермен байланыстырады.

​​​«Биылдың өзінде облыста Қырым Конго геморрагиялық қызбасының бір жағдайы тіркелді. Қазығұрт ауданының тұрғынын 10 мамыр күні өз ауласында кене шаққан. 2-3 күннен кейін әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ине енгізу орындарының ауырсынуы, қызаруы сынды белгілері біліне бастаған соң жедел жәрдеммен орталық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа ауыр», деді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Ардақ Берден.

Жыл басынан бері 62 елді мекенде зоопаразитологиялық топ барлау жұмысын жүргізген. Олар 15 252 дана кене жинады. Зерттеу нәтижесі бойынша 54 сынамадан - оң нәтиже, яғни Қырым Конго геморрагиялық қызбасының вирустары анықталған. Қолайсыз саналатын 85 елді мекенде санитариялық қорғау аймақтары құрылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.