• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 18 Мамыр, 2022

Сананы тұрмыс билесе...

716 рет
көрсетілді

Өмірдің түрлі жағдаяттарында һәм әдебиет пен өнерде «Сананы тұрмыс билейді», деген тәмсіл жиі айтылады. Ақиқатында, бұл өте ауыр сөз, ауыр ұғым.

Ал хакім Абай осы ұғым­ды Жетінші қара сө­зінде былай тарқатады: «Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұза­мадық. Жан бізді жас күні­мізден билеп жүр екен. Ер жеткен соң, күш енген соң оған билетпедік. Жан­ды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қара­мадық, көзбен де жақсы қа­рамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көр­ген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық».

Лажы болса, сананы тұр­мыс билемесе керек-ті. Әр жан қоңыр тіршіліктің, уақыттың құрсауында кет­пей, өз еркін­дігін, өз ақы­лын, өз талантын толық қол­дана алатындай өмір сүр­се дейсің... Дегенмен, қа­зіргі қоғам «сананы тұр­мыс билейдінің» нақ өзі болып отыр. Оған халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі, ой деңгейі, тіпті кейінгі қым­­батшылық та дәлел. Бү­гінде жұрт тек қалай күн көрсем деп уайым қы­ла­ды. Алақандай екі-үш бөл­ме­лік үйді армандайды. Сол себептен де, халық театр­ға бармайды, кітап сатып алмайды, ғылымға қызықпайды. Сол үшін де «жұмысбасты» жұртты кінәлай алмаймыз.

Өнерде де солай. Жал­пы елдің руханиятына мем­лекеттік деңгейде дұрыс көңіл бөлінбеген соң һәм халықтың да қызығушылығы көл-көсір болмаған соң ақын-жазушылар жазуын кә­сіпке айналдырмайды, ән­ші-күйшілер тойға шы­ғып, тойда билеуге ыңғайлы ән жаздырып ақша табады. Шығармашыл жандарды да жаз­ғыра алмаймыз. Жалғыз ақтау – «сананы тұрмыс би­лейді».

Солай бола тұра біз ме­­­­рей­той тойлаудан, ес­керт­­­кіш ашудан, жаттанды жиындар өткізуден, нау­қан­шылдықтан жалық­пайды екенбіз. Қызық.