Қазақстанның арнайы қызметтері Қырғызстандағы әріптестерімен бірлесіп синтетикалық есірткіні Орталық Азияға тасымалдау және сату арналарының желісін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Арнайы операция алты ай бойы жүргізілді. Бірлескен халықаралық операциялар барысында синтетикалық препараттарды өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Нәтижесінде төрт қазақстандық пен үш қырғызстандық ұсталды», деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Басқармада атап өткендей, заңсыз айналымнан 31 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.
Оларды сатудан түсетін шамамен алынған пайда 1,8 миллион доллардан асады.
Аяна Тоғанбек