• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Мамыр, 2022

Еліміздегі Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады

299 рет
көрсетілді

Жарамдылық мерзімі маусым айының соңында аяқталатын жарты миллион Pfizer вакцинасы бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде елімізде Pfizer вакцинасының қоры 1 млн дозаны құрайды. Мерзіміне қатысты айтар болсам, жарты миллион вакцинаның жарамдылық мерзімі маусым айының соңында аяқталады», деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ел тұрғындарды ревакцинациялау қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бүгінде тұрғындар шын қалауымен вакцинацияға және ревакцинацияға барып жатыр. Тәулігіне шамамен 15 мың адам екпе алады. Сондықтан Pfizer вакцинасымен екпе жасау жоспарға сай жүргізіліп жатыр», деді ол.

Ажар Ғиният елімізде жарамдылық мерзімі бітуге жақын вакцинаның неліктен көп қалғанын да түсіндіріп өтті.

«Pfizer вакцинасы бастапқыда бізде бар вакцина түрлерін ескере отырып, балалар мен жүкті әйелдерге сатып алынған болатын. Бүгінде вакциналауға жататын жүкті әйелдердің не бәрі 30 пайызы ғана екпе алды. Сондықтан қалған вакцина ел тұрғындарына салынып жатыр», деп түсіндірді министр.