Шымкентте жол-көлік оқиғасынан бір әйел қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті. Зардап шеккендер арасында жаңа туған нәресте де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 17 мамыр күні сағат 21:10 шамасында Республика даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысында Mercedes Benz 200 D және Toyota Land Cruiser 100 VX көліктері соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан Mercedes Benz 200 D көлігінің екі жүргізушісі мен үш жолаушысы, оның ішінде бір әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Артынша ол әйел есін жимастан қайтыс болды. Оқиға орнына Абай аудандық полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы аттанды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», делінген ПД хабарламасында.
Жол апатының куәгерінің айтуынша, көліктердің бірінде жаңа туған нәресте болған. Отбасы перзентханадан үйіне қайтып келе жатқан. Сәби басынан жарақат алған, ал анасының иығы сынған, әкесі сұмдық жайттан есеңгіреп қалған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шеккен үш адамға №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілгенін хабарлады. Тағы екеуі медициналық көмек алған соң амбулаторлық ем алуға жіберілді.